Британияда жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина салу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британияның Бас санитариялық дәрігерлері жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде айтылғандай, мұндай шешім «қоғамдық денсаулық сақтау себептері бойынша» қабылданды, сонымен қатар «вакцинация мектептерде COVID-19 таралу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді».

Словенияда 15 қыркүйектен бастап ковидпен күресу үшін жаңа шектеу шаралары қолданылады. Елдің кез-келген жеріне кедергісіз бару үшін азаматтар тексеру қорытындысы болуы немесе вакцина паспорты болуы керек. Сондай-ақ ауырып сауыққаннан кейін алты айдан артық уақыт өтпеген болуы керек.

Литва коронавирустан вакцинацияланбаған адамдарға қатаң шектеулер енгізді. Вакцина алмаған адамдар ауданы 1,5 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарына, барлық азық-түлік емес дүкендерге бара алмайды. Сондай-ақ, олар үшін тамақтану мекемелеріне және қоғамдық іс-шараларға кіруге тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар