Британияда коронавирусқа қарсы вакцина егу келесі аптада басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық MHRA тұрақтандырушы органы тұрғындарды Covid-19 вирусынан 95%-ға дейін қорғауға қабілетті вакцинаны егу келесі аптада басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Екпені қажет ететін адамдарда, мәселен, қарттар үйіндегі қарияларда вакцина қабылдағаннан кейін иммундау процесі бірнеше күннің ішінде басталуы мүмкін.

Британия 40 миллион екпеге тапсырыс берді. Бұл 20 миллион адамға вакцина жасау үшін жеткілікті.

Премьер-министр Борис Джонсон Твиттерде «Бұл бізге қалыпты өмірімізді қайтаруға және экономикамызға серпін әкелуге көмектесетін вакцина» деп жазды.

Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок BBC Breakfast-қа берген сұхбатында екпе жасату кезегі келгенде NHS адамдарға хабар беретінін айтты.

Сондай-ақ, ол көктемнен, Пасхадан бастап жағдай жақсарып, жазда адамдар алаңсыз демала алатынына сенімді екенін жеткізді.

50-ге жуық аурухана екпені күтіп отыр. Қазіргі уақытта мәжіліс-орталықтары сынды жерлерде вакцина жасауға арналған орындар дайындалып жатыр.

NHS атқарушы директоры Саймон Стивенс денсаулық сақтау қызметі «ел тарихындағы ең ауқымды вакцинациялау процесіне дайындалып жатқанын» мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, вакцинация басталғанымен адамдар коронавирус талаптарына мұқият болып, әлеуметтік қашықтық пен маска тағу ережесін сақтағаны абзал.


Соңғы жаңалықтар