+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Британияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

2021 жылғы 17 мамыр 09:28
Бөлісіңіз:
Британияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Британия «үнділік» штамның жылдам таралу қаупі туралы медициналық қауымдастықтың жасаған ескертулеріне қарамастан, коронавирусқа қарсы шектеулерді алып тастаудың жаңа кезеңіне өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұлыбританияда үй-жайларда алты адамға дейін жиналуға болады. Кафелер, барлар мен мейрамханалар келушілерді тек ашық жазғы верандаларда ғана емес, сонымен қатар іште де қабылдай алады.

Көшеде 30 адамға дейінгі топтың кездесуіне рұқсат етіледі. Мұражайлар, кинотеатрлар, стадиондар біртіндеп жұмысын бастайды. Дүйсенбіден бастап спортзалдарда жаттығуға болады. Англия тұрғындары «жасыл» тізімдегі (Сovid-19 жұқтыру деңгейітөмен) елдерге бара алады және елге оралғаннан кейін олар карантинді сақтауға мәжбүр болмайды.

Сенбіде британдық медициналық қауымдастық шектеулерді алып тастаудың зардаптары қазір өте жағымсыз болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Сенбіде британдық медициналық қауымдастық шектеулерді алып тастаудың зардаптары осы уақытта өте жағымсыз болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Қауымдастықтың мәлімдемесінде шектеулердің алынып тасталуы аурудың күрт өсуіне әкелуі мүмкін екені баса айтылған: біріншіден, жаңа штамның таралуы әлдеқайда жеңіл, екіншіден, елдің жас тұрғындарына әлі вакцина егілмеген.

Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок Ұлыбритания тұрғындарына коронавирустың үнділік нұсқасы өрт сияқты тез таралуы мүмкін екенін ескертті, әсіресе әлі вакцина алмаған адамдар арасында.

Ол елдің барлық тұрғынын шектеулер жойылғаннан кейін мұқият әрі сақ болуға шақырды.

Он призвал всех жителей страны и после отмены

Үндістанмен байланысты кеш тоқтатқаны үшін сынға алынған Ұлыбритания үкіметі дәйекті және дұрыс әрекет еттік деп мәлімдеді. Үкімет Үндістанмен байланысқа қойылған шектеулер ең қатаң шектеу шараларының біріне айналғанын және аталған шектеулер үнді штамдары қауіпті деп танылғанға дейін екі апта бұрын енгізілгенін баса айтты.

Сонымен қатар, үкіметте айтылғандай және қатаң шектеулерге дейін Үндістаннан Ұлыбританияға келгендердің барлығы коронавирусқа тест тапсырып, 10 күн карантинге жатқылызуы керек болатын.

Үкімет Үндістанмен байланысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін вирус жұқтырғандардың саны туралы емес, вирустың түрі, оның жұқпалы екені туралы ақпарат маңызды болғанын айтты.

Сарапшылар соңғы аптада Ұлыбританияда коронавирустың «үнділік» штаммын жұқтыру жағдайларының саны үш есеге артқанына назар аударады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустың «үнділік» нұсқасының таралуы шектеулерді алып тастау жоспарына елеулі өзгерістер енгізуі мүмкін екенін мойындады. Сонымен бірге, оның айтуынша, Үкімет шектеулерді жоюдың үшінші кезеңін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Дубай әуежайының атқарушы директоры Пол Гриффитс «ковид төлқұжаттарын» енгізу халықаралық тасымалдарды толық қалпына келтіру үшін қажет деп мәлімдеді.

«Менің ойымша, бұған қандай да бір балама жоқ», - деді Гриффитс ВВС-ге берген сұхбатында. Сонымен қатар, ол мұндай құжаттардың енгізілуін өзі толық қолдайтынын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT