19:56, 11 Шілде 2021 | GMT +6
Британдық миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшпақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 шілдеде Ричард Брэнсонға тиесілі Virgin Galactic компаниясы толық құрамдағы экипаж мүшелерімен ғарышқа алғашқы ұшуын жасайды. Бұл туралы жолаушылардың бірі болғалы отырған Брансон Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен әрқашан арманшыл болдым. Анам маған ешқашан алға қойған мақсаттан бас тартпауды және жұлдыздарға қол созуды үйреткен. Енді 11 шілдеде Unity-22 бортында бұл арманды шындыққа айналдыратын кез келді», - деп жазды Брэнсон.