Brexit туристерге қалай әсер етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британияның Еуроодақтан шығуы туристер арасында хаос туғызатыны туралы жиі айтылып жүр. 1 ақпаннан бастап елге баратын туристерді не күтіп тұр?, деп жазады ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«Брексит мемлекетте референдум өткеннен кейін үш жарым жылдан кейін болды. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы кесірінен медикаменттер мен азық-түлік жетіспей жатыр, шекарада ұзын-сонар кезек болып жатыр», - деп жазады агенттік.

Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтар күні шыққанымен, 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ортақ нарық пен кедендік одақта қалады. Одан кейін Ұлыбритания жаңа сауда келісімін жасап, қауіпсіздік пен иммиграция туралы заң қабылдайды.

«2019 жылдың сәуірінде Еуропарламент британ азаматтарына қысқа уақытқа визасыз режим енгізуге келісім берді. Әзірге 2021 жылға дейін туристердің жағдайы қандай болатынын нақты болжау қиын. Ал Ұлыбританияның ішкі істер министрі Еуроодақ азаматтарына Британияда визасыз жүруге және жұмыс істеуге рұқсат берілмейтінін мәлімдеді», деп жазады автор.

Британияның туристік агенттіктер ассоциясы өкілдерінің айтуынша, Ұлыбритания мен Еуроодақ 2020 жылдың соңына дейін ортақ келісімге келе алмауы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар