Brent мұнайының бағасы арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Brent мұнайы баррелінің құны $38 доллардан да төмен құлдырап кетті. Бұл өткен саудадағы бағадан 9,1% төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Тамыз айында жеткізілетін Brent мұнайы фьючерстерінің Лондондағы ICE биржасындағы бағасы барреліне $37,94 дейін түсіп кетті. Бұл мұның алдындағы саудадағы бағадан 9,1% төмен.

Сонымен қатар WTI маркалы мұнайдың құны да 10,3% арзандап, баррелі 35,68 доллардан саудаланып жатыр.

Мәскеу уақытымен сағат 19:45-те Brent мұнайының құны біраз өзгеріп, $38,34 дейін жетті, яғни арзандау көрсеткіші - 8,1%. Ал WTI мұнайының баррелі - $36,24 болды (-8,9%).



Соңғы жаңалықтар