Brent мұнайының бағасы 55 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбідегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді. 2015 жылдың 24 шілдесінен бері Brent маркалы мұнайдың құны алғаш рет барреліне 55 долларға жетіп отыр.

 РИА Новости хабарлағандай, мәскеу уақыты бойынша 12.41-де солтүстік теңізде өндірілетін Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 55.14 долларға, яғни 1,27%-ға өскен. WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 1,10%-ға көтеріліп, 52,25 долларды құрады. 

Соңғы жаңалықтар