Brent маркалы мұнайдың бағасы 75 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы маусымдағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,53 долларға қымбаттап, баррелі 75,17 доллар болған.

WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны маусымдағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,47 долларға қымбаттап, баррелі 68,57 долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар