Brent маркалы мұнайдың бағасы 33 доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы шілде айындағы жеткізілімдер бойынша 3,01 пайызға өсіп, барреліне 33,84 доллар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 13 сәуірде 33 доллардан жоғары болды.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы жеткізілімі бойынша баррелінің бағасы 2,91 пайызға өсіп 30,38 доллар болды.


Соңғы жаңалықтар