Brent маркалы мұнай бағасы 79 доллардан төмен түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Brent маркалы мұнайдың құны әлемдік нарықта барреліне 79 доллардан төмен түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат сауда деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтардағы фьючерстер құны 78,66 долларға дейін арзандады (өткен сауда сессиясының жабылуымен салыстырғанда, – 3,18%)
Шикізат құны бірінші рет 4 қазаннан бері алғаш рет 79 доллардан төмен түсті.
Қытай осы жылы елдегі мұнай бағасын төмендету үшін өзінің стратегиялық қорларын ашқан болатын.
АҚШ-тың Азық-түлік және стратегиялық қорлар жөніндегі ұлттық басқармасы (NFSRA) қорлардағы мұнайды сатуды қарастырып жатыр. Жақын арада басқарма мұнайдың көлемі мен оны сату уақытын жарияламақ.


Соңғы жаңалықтар