Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА осы елдің бас телеарнасы — Globo-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтық екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады.
Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған.
Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңға әуеге көтеріле бере құлаған.
Қайтыс болғандар: қақпашы Рануле (27 жас); қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет); жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас).
- Испания турнирі: 3 қазақстандық жартылай финалға өтті
- Стенд атудан әлем кубогі: Қазақстан құрамасында тағы бір медаль
- Күрес түрлерінен Италия турнирінің алғашқы күні: Қазақстан қоржынында – 7 медаль
- БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті
-
Футбол: «Ақжайыққа» жаңадан екі украиналық ойыншы қосылды
-
Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам