Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

None
None
БРАЗИЛИА. ҚазАқпарат - Бразилияның Манаус қаласының (Амазонас астанасы) тұрғындары билікті санитарлық дағдарысты жеңе алмады деп айыптап отыр. Жергілікті ауруханаларда Covid-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға оттегі жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Науқастардың туыстары оттегі баллондарын алып, оларды клиникаға жеткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Өткен жылдың 26 ақпанында инфекцияның алғашқы жағдайы расталған Бразилия АҚШ пен Үндістаннан кейін ең көп вирус жұқтырған мемлекеттер тізімінде үшінші орында. Билік Амазонастағы кейбір ауыр науқастарды елдің басқа аймақтарындағы медицина мекемелеріне ауыстыруға шешім қабылдады. 60 шақалақты жаңа туған нәрестелерге арналған бөлімшелерде емдеу үшін Манаустан ауыстырды.

Республика Президенті Джейр Болсонару оттегі проблемасы бар екендігін мойындайды: «Біз қашанда қолдан келер көмекті аямаймыз. Манаустағы жағдай қиын. Дегенмен жұмыстың бізге тиесілігі бөлігін орындадық».

Бразилия әуе күштерінің ұшағы Амазонас ауруханаларына тоғыз оттегі баллонын апарды. Соңғы бес күнде штаттың ауруханаларына 400-ге жуық баллон жеткізілді.

Айта кетсек, өткен аптада Бразилияда коронавирус инфекциясының 360 мыңға жуық жағдайы тіркелген болатын.


Соңғы жаңалықтар