Бразилия түрмесінде отырған қазақстандықтар кім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов сол елде сотталған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан азаматтардың мүддесін қорғау біздің тікелей міндетеміз. Сондықтан факті мәлім бола салысымен консулымыз қазақстандықтар ұсталған Сан-Паулуға барды. Бұл елдің ең басты әуе гаваны, өте үлкен әуежай. Екі азамат 2017 жылы ұсталды. Сот процесіне қатыстық, сот бір азаматымызды ақтады. Себебі олар үшін тұлғаның қылмыстық әрекетінің құрбаны болды. Екіншісі Сан-Паулу қаласының түрмесінде жазасын өтеуде», - деді ол.

Елшінің атап өтуінше, 2018 жылы дәл сол әуежайда Қазақстанның азаматтары - ағасы мен қарындасы есірткі затымен ұсталған.

«Сот шешімімен ағасы бостандыққа шықты. Ал қарындасы түзеу мекемесінде жазасын өтеуде. Консулымыз олармен және олардың туған-туыстарымен үнемі байланысқа шығып тұрады. Ағымдағы жылы екі елдің арасында сотталған тұлғаларды беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды. Оны ратификациялаумен ҚР Бас прокуратурасы айналысып жатыр. Аталған құжат азаматтарымызды бостандыққа шығаруға мүмкіндік береді. Бірақ, ол үшін сотталушылардың өздері Бразилияның органдарына сәйкесінше өтініш жазулары қажет. Қазір біз онымен айналысып жатырмыз», - деді Қайрат Саржанов.
null 

Бұған дейін ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Қазақстан тарапы Бразилияға сотталған қазақстандықтарды елге қайтару туралы өтініш беретіндігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар