Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты

None
None
БРАЗИЛИА. ҚазАқпарат – Соңғы үш күн ішінде Бразиялия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Испания, Италия, Франция мен Ұлыбританияны басып озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, елде 254 220 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. 19 мамырдағы мәлімет бойынша 24 сағатта коронавирус жұқтырған 13 140 жаңа жағдай анықталған.

Сонымен қатар, AFP агенттігінің хабарлауынша, Латын Америкасы елінде жүргізілген тестілеудің аз болуына байланысты ауру жұқтырғандардың нақты саны 15 есе көп болуы мүмкін.

Бразилияда вирус жұқтырғандар санының тез өсуі коронавирус қаупін жоққа шығарып отырған бұл елдің президенті Жаира Болсонаруға деген қысымды күшейтеді, деп хабарлайды Reuters.


Соңғы жаңалықтар