Браконьерлік қылмыстар бойынша жыл басынан 23 іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл басынан бері браконьерлік фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2021 жылдың басынан Қызыл кітапқа енген және жоғалып кету қаупі бар жабайы жануарларға қатысты браконьерліктің 23 фактісі анықтады.

Оның ішінде 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 5-еуі сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.

Комитетке бағынысты ведомство - «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары браконьерлік фактілердің алдын алу үшін үздіксіз тексерістер жүргізетінін айта кеткен жөн», - деді министрліктен.

Браконьерлік қылмыстар үшін ҚР ҚК-нің 337-бабына («Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын және суық қаруды, аулау құралдарының басқа да түрлерін қолдану») сәйкес 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.

Браконьерліктің жоспарланған немесе жасалған фактісі туралы ақпарат болған жағдайда комитеттің 8-777-678-52-52 жедел желі телефонына хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар