Браконьерлерден 2,5 тоннадан астам балық тәркіленді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жыл басынан бері 20-дан астам заңсыз балық аулау жайтын анықтап, браконьерлерден 2,5 тоннадан астам балықты тәркілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, балықшылардан 25 қайық пен балық аулайтын торлар, электр тоғы және басқа да айғақ заттар алынған.

Өңірде бүгінгі таңда 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 12-сі тергеу материалдарымен сотқа жолданған.

«Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзудың 343 жайтын анықтаған. Құқық бұзушыларға 4 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар