+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет – Дариға Назарбаева

2020 жылғы 19 наурыз 11:40
Бөлісіңіз:
Бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет – Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева палатаның жалпы отырысы мен комитет отырыстарына шақыртылатын адамдардың санын шектеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаеваға «Paigham-e Pakistan» 2020 Бейбітшілік сыйлығы табыс етілді

«Өздеріңіз білесіздер, елде төтенше жағдай жарияланды. Бұл дер кезінде қабылданған әрі өте қажетті шара. Осы қадамдарды жақсы түсінеміз. Осыған байланысты тиісті бұйрыққа қол қойдым. Төтенше жағдай кезеңінде барлық іссапарлар мен жоспарлы бұқаралық шараларға тыйым салынады. Ал заң шығарушылық жұмыс жалғасады. Біз мүмкіндігінше жалпы отырыс пен комитет отырыстарына шақыртылатын адамдардың санын шектеуміз керек», - деді Д. Назарбаева.

Осы орайда ол құжаттарға қатысты жұмыстардың көбісін қашықтан жүргізуге болатынын, ол үшін техникалық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Аппарат қызметкерлерінің 70 пайыздан астамы үйден жұмыс істеу режіміне ауысты, ал қалғандарына қысқартылған жұмыс күні белгіленді. Сенат ғимаратында күніне бірнеше рет қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіледі», - деді Д. Назарбаева.

«Бізге ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет. Қазіргі таңда баршамыз бәрі жақсы болатыны туралы ойлап, жақсылықтан үміттенуіміз керек. Біз – талай сында шыныққан мықты халықпыз. Біз бәрін жеңеміз. Алдағы сенбі күні жарқын мерекеміз Наурыз келеді. Бұл – көктем мерекесі, жандану мен гүлдену мейрамы. Үміт пен жаңару мерекесі. Баршаңызға денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін! Наурыз бізге бұл жылы тек бақыт алып келсін, қайғы мен ауыртпалықтан арылтсын!», - деді Сенат төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT