«Boxam» турнирі: Қоржында 4 медаль, Василий Левит - финалда

None
None
КАСТЕЛЬОН. ҚазАқпарат - Бүгін Испанияның Кастельон қаласында бокстан «Boxam» халықаралық турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтті. Оның нәтижесінде қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалдық кездесулерін 5 боксшымыз өткізді:

57 келіде шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов Пуэрто-Рико спортшысы Джеан Паулға есе жіберді. Нәтижесінде, жарысты жартылай финалдан тоқтатып, қола жүлдегер атанды.

69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов ел қоржынына екінші қоланы салды. Ол үндістандық Викас Кришаннан жеңілді.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзад Нұрдәулетов те жартылай финалда сүрінді. Ол италиялық Фьори Симонеден ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.

91 келіден жоғары салмақта испаниялық Аюб Гадфа Дрисси эль-Айссауи отандасымыз Нұрлан Сапарбайдан басым түсті. Спортшымыз қоржынды тағы бір қоламен толықтырды.
91 келідегі Василий Левит финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол литвалық Тамасаукас Тадасты ұтты.

Бұған дейін финалға 52 келідегі Махмұд Сабырхан шыққан болатын.

Финалдық жекпе-жектер 5 наурыз күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар