«Boxam» турнирі: Қазақстандық боксшы финалға өтті

None
None
КАСТЕЛЬОН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан «Boxam» халықаралық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері Испанияның Кастельон қаласында бокстан «Boxam» халықаралық турнирі өтіп жатыр.

52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Махмұд Сабырхан финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Жартылай финалда ол италиялық Серра Федерико Эмилионы ұтып, финалға жолдама алды.

Еске салайық, жартылай финалға сондай-ақ, 57 келіде Серік Теміржанов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 91 келіде Василий Левит шыққан болатын.

Халықаралық дода 6 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар