Бостондағы қазақстандық студенттерге қатысты сот мерзімі белгіленді

None
None
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот ісі процесі 2014 жылдың 23 маусымына белгіленді. Бостон федералдық судьясы Мэриэнн Боулер кезекті сот отырыстардың бірінде осындай шешім шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафонында екі жарылыс орын алып, салдарынан 3 адам ажал құшты, 200-ге жуығы жапа шекті. Кейін полиция лаңкесті жасаған екі күдіктінің ізіне шығып, олар АҚШ-та заңды түрде тұрып жатқан Солтүстік Кавказдың тумасы ағалы-інілі Тамерлан мен Джохар Царнаевтар болып шықты. Тәртіп сақшыларымен қақтығыс барысында Т. Царнаев қаза болды. Ал 19 жастағы Д. Царнаев көп ұзамай қолға түсті. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы абақтыға тоғытылады немесе өлім жазасына кесіледі. Осы лаңкестік іс бойынша Царнаевтың үш досы қазақстандық Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов және америкалық Робел Филиппоске Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деп айып тағылды. Қазақстандық студенттердің кінәсі анықталатын болса, онда олар тергеуге кедергі келтіргендері үшін 20 жылға және сөз байласқандары үшін 5 жылға бас бостандықтарынан айырылуы, сонымен қатар 250 мың доллар айыппұл тағылып, 5 жылға дейін құқық қорғау органдарының ашық қадағалауында болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар