Босфор бұғазында Ресей мен Түркияның жүк таситын кемелері соғылып қалды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. Анадолы-ҚазАқпарат – Ресейдің «Rusich 10» және Түркияның Tashin Imamoglu жүк таситын кемелері сенбі күні Босфор бұғазында соғылып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның жағалау күзеті мәлім етінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген, тек кемелерге ғана зақым келген. Оқиға орнына жағалау күзетінің буксирлері жіберілген.


Соңғы жаңалықтар