Боранға байланысты жеті облыстағы 44 учаскеде жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстан жолдарының 44 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жабылған жолдардың жалпы ұзындығы - 5436 шақырым. Бұл - еліміздегі республикалық маңызы бар барлық автожолдың 21,8 пайызы.

Жалпы, 7 облыстың жолдарында көлік жүруіне тыйым салынған:

1. Нұр-Сұлтан - Теміртау, 1291-1426 шақырымы

2. Щучинск-Зеренді, 0-80 шақырымы

3. Жезқазған-Петропавл 377-595 шақырымы (Қостанай облысы-СҚО)

4. Жақсы-Есіл-Бұзұлық 0-82 шақырымы

5. Екатеринбург-Алматы 856-1291 шақырымы (СҚО-Нұр-Сұлтан-ақылы учаске шекарасы)

6. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті 16-200 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Павлодар облысы)

7. Нұр-Сұлтан-Қорғалжын 19-180 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Қорғалжын қорығы)

8. Макинск-Ақсу-Торғай 0-240 шақырымы (Макинск-Торғай)

9. Көкшетау-Атбасар 47-184 шақырымы (Зеренді-Атбасар)

10. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған 232-260 шақырымы (Қостанай облысы-Сұрған)

11. Боровская курорттық аймағы 0-66 шақырымы

12. Қабанбай Батыр мемориалды кешені 0-4 шақырымы

13. ЩБКЗ 0-8,9 шақырымы

14. Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау 16-51 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Қарағанды облысы)

15. Самара-Шымкент, 835-965 шақырымы (Хромтау-Қарабұтақ)

16. Самара-Шымкент, 773-965 шақырымы (Белогорка-Хромтау)

17. Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай, 0-231 шақырымы

18. Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары, 7-66 шақырымы (Ушановское-Серебрянск)

19. Алматы-Өскемен, 971-1068 шақырымы (Қалбатау-Қ.Қайсенов)

20. Алматы-Өскемен, 780-967 шақырымы (Аягөз-Қалбатау)

21. Өскемен-Семей, 10-198 шақырымы (Герасимовка-Семей)

22. Өскемен-Шемонаиха-РФ, 15-123 шақырымы (Глубокое-РФ)

23. Өскемен-Риддер-РФ, 15-105 шақырымы (Белоусовка-Риддер)

24. Екатеринбург-Алматы, 1446-1426 шақырымы (Қарағанды-ақылы учаске шекарасы)

25. Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара, 231-324 шақырымы (Ботақара-Павлодар облысы)

26. Қызылорда-Павлодар, 970-1135 шақырымы (Қарағанды-Павлодар облысы)

27. Қараганды-Аягөз-Бұғаз, 17-217 шақырымы (Қарағанды-Қарқаралы)

28. Қызылорда-Павлодар, 434-906 шақырымы (Жезқазған-Топар)

29. Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау 51-266 шақырымы (Теміртау-Ақмола облысы)

30. Жезқазған-Петропавл, 136-252 шақырымы (Ұлытау-Қостанай облысы)

31. Қызылорда-Павлодар 1000-1066 шақырымы (Қушоқы-Молодежный)

32. Екатеринбург-Алматы, 686-729 шақырымы (Сарыкөл-СҚО)

33. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 216-232 шақырымы (Октябрьский-Ақмола облысы)

34. Жезқазған-Петропавл, 340-377 шақырымы (Арқалық-Ақмола облысы)

35. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 108-216 шақырымы (Әулиекөл-Октябрьский)

36. Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай, 231-386 шақырымы (Ақтөбе облысы-Рудный)

37. Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл-РФ, 50-167 шақырымы

38. Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней, 138-231 шақырымы (Баянауыл-Қарағанды облысы)

39. Қызылорда-Павлодар, 1135-1367 шақырымы (Қарағанды облысы-Ленинский)

40. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, 200-235 шақырымы (Ақмола облысы-Шідерті)

41. Көкшетау-Рузаевка, 102-196 шақырымы (Саумалкөл-Рузаевка)

42. Екатеринбург-Алматы, 729-856 шақырымы (Қостанай-Ақмола облысы)

43. Жезқазған-Петропавл, 595-710 шақырымы (Ақмола облысы-Новоишимское)

44. Булаево-Вовзвышенка-Рощинское, 0-228 шақырымы.

Республика жолдарында 824 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар