Боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген қостанайлық полицей марапатталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысының полиция департаменті боранды күні көліктерге жол көрсеткен полицей Амантай Байжановты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев айтқандай, тәртіп сақшысының әрекеті қоғамдық пікір тудырды.

«Елдің жылы пікірлері әлеуметтік желілерде жарияланды. Халық полицейге ризашылығын әлі де білдіріп жатыр. Бұл жас мамандарға үлгі боларлық іс», - деп атап өтті ол.

Ардақ Ынтықбаев Амантай Байжановқа марапат қағазы мен Елтаңба бейнеленген қолсағат тапсырды.

Айта кетейік, боранды күні полицей Амантай Байжанов көліктердің, автотізбектің алдына шығып алып, қалаға баратын жолды көрсету үшін жүгіріп отырған.

Желі қолданушылары да арнайы видео жазып, әлеуметтік желіде жариялаған.


Соңғы жаңалықтар