Боранда адасып, үсіп қалған елорда тұрғынының денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында боранда адасып көз жұмған елорда тұрғынының мүрдесі көлігінен 5 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 19-да Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны хабарласып, 53 жастағы танысы «Nissan Patrol» көлігімен Новокубанка және Белое озеро ауылдарының арасында қарға батып қалғанын айтқан.

«Ер адамды құтқаруға полиция, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындардан құралған арнайы іздеу тобы және арнайы техника мен қарда жүруге арналған көлік жұмылдырылды. Нәтижесінде ақпанның 20-да ер адамның денесі көлігінен 5 шақырым жерден табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қар құрсауында қалған көлігін тастап, жаяу жақын маңындағы елдімекенді іздеуге шыққан», - деді ведомстводан.

Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға қолайсыз ауа райы, боран кезінде елді мекеннен тыс жерлерге, жолға шықпау жөнінде ескертеді. Төтенше жағдай бола қалған кезде «112» және «102» телефон нөмірі арқылы құтқару қызметіне хабарласу керек.


Соңғы жаңалықтар