Боран: Өскеменде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар қашықтан оқиды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары бүгін қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде 23 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда жел екпіні секундына 16 метрге дейін жетуіне, қарлы боран мен көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайтын болды.

«Олар сабақты онлайн форматта оқиды. Таңертең қаладағы бастауыш сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына ауысқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін елорда мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыды.



Соңғы жаңалықтар