Боран, қар, көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қай өңірлерде ауа райы бұзылып, жол жабылып қалғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысында 13 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельді және қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сонымен бірге тағы бірқатар өңірде дизельмен жүретін көліктер мен автобустарға шектеу бар.

Ақмола облысында:

- «Көкшетау-Рузаевка» жолының 0-61 шақырымы, Көкшетау қаласынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.

- «Көкшетау-Омбы» жолының 2-50 шақырымы, Көкшетау қаласынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.

- «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 304-341 шақырымы, Көкшетау қаласынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.

- «Нұр-Сұлтан-Петропавл» жолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы.

Қостанай облысында:

- «Екатеринбург-Алматы» жолының 686-729 шақырымы, Сарыкөл ауылынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.

- «Мамлютка-Қостанай» тасжолының 180-250 шақырымы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан бастап Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске.

Боранға байланысты жол жабылған өңірлер

Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында, Көктума стансасынан бастап Достық стансасына дейінгі аралықта автокөліктің барлық түріне жүруге болмайды.

Шығыс Қазақстан облысындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1087-1256 шақырымында, Боғаз ауылына бұрылыстан бастап Зайсан станциясына дейін жүк көліктеріне жүруге тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар