Болат Жәмішев «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиынында Директорлар кеңесі мүшелерінің шешімімен банктің тәуелсіз директоры болып Болат Жәмішев сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Банктің Директорлар кеңесінің басшысы ретінде жоғары мемлекеттік қызметтерде және қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар Болат Жәмішев қаржы институтының стратегиялық дамуын қадағалап, оның елдегі ең тұрақты әрі сенімді банктердің бірі ретінде позициясын нығайтпақ.

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен банктің тәуелсіз директоры Торстен Полдың өкілеттігі де бір жылға ұзартылды.

Осылайша енгізілген өзгерістерге сәйкес, банктің Директорлар кеңесі келесі құрамда бекітілді: Болат Жәмішев (Директорлар кеңесінің төрағасы), Наталья Акентиева, Мұсабек Әлімбеков, Болатбек Жайназаров, Торстен Пол (Директорлар кеңесінің мүшелері).

Болат Жәмішев экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, оның квазимемлекеттік сектор компаниялары, даму институттары мен банк құрылымдарының директорлар кеңесінде де тәжірибесі мол.

Соңғы жаңалықтар