Болат Тілепов Азия-Тынық мұхиты форумына қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов VIII Азия-Тынық мұхиты форумына қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Бангкок қаласында (Тайланд) VIII Азия-Тынық мұхиты форумы аясында «Волонтерлік онжылдыққа арналған іс-қимылдарды трансформациялау стратегиясы ретінде» тақырыбында панельдік пікірталас өтті .

Шараға онлайн-форматта ZOOM алаңын қосу арқылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов қатысты.

Өз сөзінің басында Болат Тілепов Азия-Тынық мұхиты форумына қатысушыларды мерекемен құттықтап, форумның Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін маңызды Наурыз мейрамын атап өту күнімен сәйкес келіп отырғанын атап өтті.

«Ежелгі дәуірден бастау алған бұл мереке жаңару кезеңін білдіреді. Бұл - достық, өзара сыйластық пен келісімді нығайтуға үлес қосатын шын мәніндегі жалпыхалықтық мереке», - деді Болат Тілепов.

Вице-министр қатысушылардың назарын пандемия әлемнің технологиялық дәуірде өмір сүріп жатқанына қарамастан, адамзаттың қаншалықты осал және өзара тәуелді екенін көрсетті.

Жиында Болат Тілепов Қазақстан БҰҰ БА қарарының мәтініне волонтерлікті 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асырудың әмбебап құралы деп тану туралы тармақты енгізуге бастама жасағанын еске салды.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхит форумы даму мәселелері жөніндегі өңірлік диалогқа жәрдемдесу мақсатында БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) аясында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар