Болат Бақауов: Қарт Ертістің жағасына бізді перзенттік жүрек алып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 115 киіз үй тігіліп, мыңдаған адамды әсерлі де әдемі шараларға куә қылған «Ұлы дала елі» фестивалі павлодарлық өнер майталмандарының концертімен басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Керуенмен тізіліп атқа мінген ер жігіттер алып сахнаның алдынан дүбірлете шауып өтіп, маңызды мерекеге көрік қосты.

null 

« Қасиетті Ертіс Баян жерінде «Ұлы дала елі» фестивалін өткізу игі дәстүрге айналып отыр», - деп сөз бастады Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов салтанатты ашылу рәсімінде. «Биылғы ауқымды шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Президент сөзімен айтар болсақ, «Біз бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз». Бүгінгі таңда рухымызды тіктеп, жарқын болашаққа бет түзедік. Осынау думанды тойға Моңғолия, Ресей, Қытай сынды елдерден меймандар мен өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар келіп отыр. Талай ғасыр ел тарихына куә болған қарт Ертіс жағасына бәрімізді перзенттік жүрек алып келіп отыр. «Ұлы дала елі» деген атауға ие болған игілікті шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Барлықтарыңызға құтты болсын».

null 

Айта кетейік, «Ұлы дала елі» этнофестивалі Павлодарда 12-13 тамыз күндері тойлануда. Бүгінгі мерекеге келген қауым үшін 300 домбырашы бір уақытта «Құм жылан» күйін орындады. «Ұлытау», «Мұзарт» топтары мен Төреғали Төреәлі, Нұрлан Әлімжанов сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқады. Парашютшілер шашу шашты. Түстен кейін «Келіндер сайысы» және тағы да басқа жарыстар ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар