«Болашақ» түлектері мақтааралдық балаларға смартфондар тарту етті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» президенттік стипендия түлектері мақтааралдық балаларға смартфондар тарту етті. Жастар Қоңырат ауылындағы «Еркежан» жазғы сауықтыру балалар лагерінде тынығып жатқан жартылай және тұл жетім 55 балаға кітаптар мен самокаттар, роликтер табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Bolashaq Ońtústik» Корпоративтік Қорының еріктілері сонымен қатар балаларға Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының беретін мүмкіншіліктері мен кәсіптік бағдар туралы айтты. Жеткіншектерге «Халықаралық Бағдарламалар Орталығы» АҚ президенті Айнұр Бағдатқызының бейне сәлемдемесін көрсетті.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы түлектерінің қауымдастығы ретінде Мақтаарал ауданындағы апаттан зардап шеккен отбасылармен қатар кішкентай бүлдіршіндерімізге де арнайы көңіл бөлгіміз келді. Осылайша, барлығы 55 балаға қолымыздан келгенше көмектесеуді жөн деп шештік. Алдағы уақытта басқа да осындай әлеуметтік іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Bolashaq Ońtústik» КҚ мүшесі Гаухар Төребекова.

Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай аймақтағы жастардың атынан «Bolashaq Ońtústik» Корпоративтік Қорына алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар