«Болашақ» бағдарламасына қатысатын шетелдік оқу орындарының тізімі бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Болашақ» бағдарламасына қатысатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілген бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тізімге жалпы саны 207 оқу орны кірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрықта аталған 207 оқу орны қандай өлшемдер бойынша іріктелгені айтылған.

Яғни, халықаралық бағдарламаға ұсынылатын шетелдік оқу орындары мен ұйымдар үш халықаралық академиялық рейтингке кіруі керек және осы рейтингілердің кемінде екеуінде алғашқы 250 позициядан орын алуы тиіс.

Ал рейтингілердің тізімі мынадай: Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings) әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі,

Әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World

Universities), Таймс басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттер рейтингі (Times Higher Education World University Rankings).

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр мен 28 қазан аралығында жүргізіледі . Ал конкурс 1 маусым мен 30 қараша аралығында өтеді.

Бұйрықтың мәтінінде «Болашақ» арқылы әлемнің үздік оқу орындарында игеруге болатын 73 мамандықтың тізімі де берілген. Ол тізіммен мына сілтемеден танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар