Бокстан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты аяқталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігі өтті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қарағанды құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан ел чемпионаты 31 қаңтар күні басталып, бүгін аяқталды. Біріншілікке еліміздің барлық облысы мен Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының құрамалары қатысты. 14 салмақ дәрежесінде 280-нен астам спортшы өзара мықтыны анықтады (44кг, 46 кг , 48 кг , 50 кг, 52 кг, 54 кг, 56 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 80 кг +). Олардың арасында республикалық, халықаралық додалардың жеңімпаздары бар.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Қарағанды бірінші орынды иеленсе, одан кейінгі орындар Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласының спортшыларында.



«Түркістандық Бақтияр Анарбаев үздік боксшы атанды. Қарағанды облысының спортшылары жақсы дайындалған. Олар төрт алтын медальмен үздік атанды. Жарыс өте қызықты, тартысқа толы. Ынтасы мен жігері үшін Бексұлтан Боранбек те марапатталды. Енді 1, 2 және 3-орын алған балалар ұлттық құрамаға шақырылады. Арасында орын ала алмаған алғыр боксшылар да бар», - деді бас төрешінің орынбасары Қуаныш Қауашев.
Бапкерлер де жасөспірімдердің аяқ алысын жоғары бағалады.
«Жарысқа жіті дайындалып келіп, 57 келі салмақта Бақтияр Анарбаев үздік шықты. Өте қуаныштымыз», - деді Түркістан облысы бойынша жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы Батырбек Темірбекұлы.



Соңғы жаңалықтар