+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды

2019 жылғы 8 желтоқсан 14:14
Бөлісіңіз:
Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Конфедерация кубогы биыл Түркістан облысы құрамасына бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Гамбург турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады Нұр-Сұлтанда көпір астынан спортпен айналысатын алаңқай ашылды Теннис: Путинцева Римде Италия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Финалда Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының былғары қолғап шеберлері кездесті. Кеше, 7 желтоқсанда өткен жартылай финалда түркістандықтар қарағандылықтарды, Нұр-Сұлтан қаласы маңғыстаулықтарды 5:3 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бүгінгі жекпе-жек өте тартысты өтті. Алдымен 52 келіде түркістандық Сәкен Бибосынов елордалық Азат Махметовті, түркістандық Қайрат Ерәлиев елордалық Ілияс Сүлейменовті тізе бүктірді. Одан кейінгі үш жекпе-жекте елордалық былғары қолғап шеберлерінің мерей үстем болды.

Алдымен 63 келіде Самат Бегімбай Шыныбек Назарбековті, 69 келіде Қанағат Маралов Бекдәулет Ибрагимовті, 75 келіде Тимур Нұрсейітов Бекхат Сабырды жеңді. Ал 91 келіден жоғары салмақта түркістандық Нұрлан Сапарбай елордалық Нұрболат Сермахановтан басымдық танытып, командалық есепте таразы басын теңестірді.

Одан кейін түркістандықтар қатарынан 81 келіде Бек Нұрмағанбет Нұрбек Оралбайды, 91 келіде Абзал Құттыбеков Айбек Оралбайды жеңді. Нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсіп, өз тарихында үшінші мәрте кубокқа қол жеткізді. Олар бұдан бұрын 2015, 2017 жылдарда аталмыш жарыста жеңімпаз атанған болатын.

Бокстан Конфедерация кубогы 2010 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұдан бұрын Маңғыстау облысы үш мәрте жеңімпаз (2012, 2016, 2018) атанса, Нұр-Сұлтан қаласы екі (2010, 2013), Қарағанды облысы бір (2011) мәрте биік тұғырдан көрінді.

Фото: Данияр Майлыбаев
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT