Бокстан Қазақстан чемпионаты: финалға шыққан спортшылар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан ел чемпионатында финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан бокс федерациясы мәлім еткеніндей, әсіресе, жекпе-жектер әйелдер арасында олимпиадалық салмақтарда тартысты болды.

Әйелдерден Қазақстан қоржынында әзірге бір ғана жолдама бар, оны 75 кг салмақта Надежда Рябец иеленген болатын. Ал 51, 57, 60 және 69 кг салмақта қыздар чемпиондық атақ қана емес, Токио олимпиадасына баруға берілер мүмкіндік үшін де барын салуда.

Сонымен, мына боксшылар соңғы сынға жолдама алды.

Әйелдер

48 кг: Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы) – Арайлым Марат (Нұр-Сұлтан)

3 орын – Роксана Гасымова (Жамбыл), Жазира Орақбаева (Алматы).

51 кг: Ангелина Лукас (Шымкент) – Назым Қызайбай (Алматы)

3 орын – Жайна Шекербекова (Шымкент), Жансая Абдраимова (Жамбыл).

54 кг: Дина Жоламан (Ақмола) – Балауса Мұздиман (Алматы облысы)

3 орын – Дәметкен Келімбет (Қызылорда), Әйгерім Ошақбай (Жамбыл).

57 кг: Владислава Кухта (Қостанай) – Айжан Ходжабекова (Қарағанды)

3 орын – Назым Ищанова (Атырау), Сәния Сұлтанқызы (Нұр-Сұлтан).

60кг: Карина Ибрагимова (Ақмола) – Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан)

3 орын – Әдина Қалдыбай (Жамбыл), Айдана Забынбекова (Ақтөбе).

64 кг: Милана Сафронова (Қарағанды) – Лаура Есенгелді (Шымкент)

3 орын – Жанна Серікова (Қостанай), Жансая Балтабекова (Ақмола).

69 кг: Дариға Шәкімова (Алматы) – Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан)

3 орын – Жасмин Қизатова (Қарағанды), Балжан Асқар (Жамбыл).

75 кг: Надежда Рябец (Қостанай) – Марина Вольнова (Нұр-Сұлтан)

3 орын: Арайлым Бегділда (Жамбыл), Әсем Сұлтанова (Алматы).

81 кг: Фариза Шолтай (Шымкент) – Виолетта Князева (Қарағанды)

3 орын – Елдана Тәліпоа (Алматы), Гүлсая Ержан (Қызылорда).

81 кг жоғары: Дина Исламбекова (Шымкент) – Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан)

3 орын – Альбина Вахитова (СҚО), Валерия Аксенова (Ақмола).

Ерлер

49 кг: Теміртас Жүсіпов (Ақмола) – Даниял Сәбит (БҚО)

3 орын – Ермек Мәдиев (Жамбыл), Бекзат Амангелдинов (Павлодар).

52 кг: Сәкен Бибосынов (Түркістан) – Махмұд Сабырхан (Шымкент)

3 орын Дамир Әбдіқадыр (Алматы о.), Олжас Байниязов (Атырау).

57 кг: Серік Теміржанов (Павлодар) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола)

3 орын – Бейбарыс Жексен (Жамбыл), Талғат Сырымбетов (Қарағанды).

60 кг: Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау) – Бекнұр Ожанов (ШҚО)

3 орын – Василий Самчук (Қарағанды), Ілияс Сүлейменов (Нұр-Сұлтан).

63 кг: Ерсұлтан Болат (Ақмола) – Ертуған Зейнуллинов (Алматы о.)

3 орын – Ділмұрат Мижитов (Алматы), Зәкір Сафиуллин (Шымкент).

69 кг: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды) – Асланбек Шымбергенов (Жамбыл)

3 орын – Қуан Қуатов (Павлодар), Аятулла Тәкежанов (Павлодар).

75 кг: Әбілхан Аманқұл (Жамбыл) – Нұрқанат Райыс (Атырау)

3 орын – Ермахан Жәкпеков (ШҚО), Аман Қазанғапов (Жамбыл).

81 кг: Бекзат Нұрдәулет (Маңғыстау) – Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)

3 орын – Бекболат Әбдікерім (Түркістан), Бауыржан Байгөншеков (Павлодар).

91 кг: Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан) – Сағындық Тоғамбай (Нұр-Сұлтан)

3 орын – Нұрлан Сабыров (Маңғыстау), Абзал Құттыбеков (Түркістан).

91 кг жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда) – Нұрлан Сапарбай (Түркістан)

3 орын – Дамир Тойбай (Алматы), Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жартылай финалдағы боксшылардың есімі белгілі болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар