Бокстан ел құрамасы Головкинге алдағы айқаста сәттілік тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан құрамасы 5 қазанда Нью-Йоркте Деревянченкоға қарсы айқас өткізетін Геннадий Головкинге сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, команданың атынан бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев сөз сөйледі. Ғалымбек Кенжебаев кезінде Геннадий Головкинді жаттықтырған болатын.

Айта кетсек, кеше бокстан Қазақстан құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатынан елге оралды. Әлемдік біріншіліктен қазақ боксшылары 1 алтын, 1 күмі, 4 қола медальмен оралды. Әлем чемпионатына шығар алдында Головкин ұлттық құрамаға сәттілік тілеп, қолдау білдірген болатын. ⠀

Еске сала кетсек, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10КО) жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатыны бұған дейін хабарланған еді. Көп өтпей аталмыш айқаста одан бөлек IBO вакантты титулы сарапқа салынатыны хабарланды. Қос қарсылас бұған дейін алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасқан еді.


Соңғы жаңалықтар