+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Бокстан Әлем чемпионатының 1/4 финалы: Қазақстандықтар кімдермен кездеседі

2019 жылғы 18 қыркүйек 09:38
Бөлісіңіз:
Бокстан Әлем чемпионатының 1/4 финалы: Қазақстандықтар кімдермен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионатының ширекфиналдық ойындары өтеді. Жарыстың бұл сатысында қазақстандық жеті боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова алғашқы жеңісіне жетті Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым - Абылайхан Жүсіпов Бокстан әлем чемпионын маңғыстаулықтар қошеметпен күтіп алды

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Нұр-Сұлтан уақытымен 16.00-де басталатын күндізгі жекпе-жектерде Сәкен Бибосынов (52 келі) армениялық Артур Оганесянмен, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) те сол елдің өкілі Арман Дарчинянмен қолғап түйістірсе, Василий Левит (91 келі) иорданиялық Хуссейн Яшаишпен шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі жекпе-жектер елорда уақытымен 20.00-де басталады. Бұл уақыттарда Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен, Қайрат Ерәлиев (57 келі) өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі.

Жартылай финалға жолдама алған боксшылар 20 қыркүйекте жұдырықтасады. Ал 21 қыркүйекте чемпиондар анықталады.

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Содан бері барлығы 40 медальға қол жеткізді. Медальдің 11-і «алтын», 12-і «күміс» және 17-і «қола».

Бұан бұрын қазақстандық жеті боксшының ширек финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT