Боксшы Жан Кособуцкий кәсіби рингтегі 14-ші айқасын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий поляк Камил Соколовскиді нокаутпен жеңді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта Жан қарсыласын нокдаунға түсірген. Қазақстандық боксшы рингтегі жеңісін оныншы раундта тойлады. Ол «джеб» әдісімен Камил Соколовскиді сұлаптып түсірді.

Былтыр Жан Кособуцкий салмағы 146 кг қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

31 жастағы Арқалық қаласының тумасы Жан Кособуцкий 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.


Соңғы жаңалықтар