Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Биллал Бенаннан 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар