Бокс: Жеңіліп қалған Жалғасқа 24 500 доллар бұйырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-6) анголалық Манель Капемен (17-6) өткізген айқасы үшін алатын гонорары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 31 турнирінде Жұмағұлов Капеден бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Осы жекпе-жек үшін Жалғас 24 500 доллар (20 000 доллар – октагонға шыққаны үшін, 4 500 доллар – ыталандыру бонусы) алды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл айқас UFC-дегі үшінші жеңілісі. Оған дейін ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен бразилиялық Раулиан Пайве (21-3) мен швед боксшысы Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалған болатын. Жұмағұлов өзінің жалғыз жеңісіне америкалық Джером Риверамен (10-6) болған жекпе-жекте қол жеткізген еді.


Соңғы жаңалықтар