Бокс: Фьюри мен Джошуа жекпе-жектері үшін 126 млн доллардан алуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық боксшылар Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа алғашқы жекпе-жектері үшін әрқайсысы 100 млн фунттан ($126 млн) алуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Times басылымының жазуынша, сәрсенбіде Фьюри мен Джошуаның екі айқас бойынша келісімшартқа отырғаны белгілі болған. Олардың алғашқысы 2021 жылдың жазында өтуі мүмкін.

Дереккөздің ақпаратына қарағанда, бірініші жекпе-жектің жалпы сыйақы сомасы 200 млн фунт шамасында.

Бұл кездесу британ боксы тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы ықтимал.

Джошуа Халықаралық бокс федерациясы (IBF), Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы (WBA) және Бүкіләлемдік боксшылар ұйымы (WBO) нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иегері. Британдық 23 рет қарсыласынан басым түссе (21 нокаут), бір рет жеңілген.

Ал 31 жастағы Фьюри кәсіпқой бокста еш сүрініп көрмеген. Ол 30 рет жеңген (21 нокаут) және бір рет тең түскен.

Соңғы жаңалықтар