Бобыржан Момынов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой бокста бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (10-0, 8КО) келесі айқасы қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ассалаумағалейкүм достар! Көптен күткен сәт те жетті. Құдайдың қалауымен 16 маусымда шаршы алаңға ораламын. MGM Grand Arena-да көріскенше», - деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Бокс статистикасын жүргізіп отыратын Boxrec.com-ның жазуынша, 16 маусымда Бобыржан Момынов Лас-Вегастағы (АҚШ) MGM Grand Arena-да 26 жастағы америкалық Кэмерон Краэлмен кездеседі.

Еске сала кетсек былтыр Ұлттық бокс қауымдастығының (NBA) президенті Дэймон Гонсалес ұйымның штаб-пәтерінде Бобыржан Момыновқа Intercontinental чемпионының белдігін табыс еткен болатын. Жүлдені боксшы гүржілік Анзор Гамгебелиді жеңгені үшін алған еді.


Соңғы жаңалықтар