Боао азиялық форумы 20-22 сәуірде өтеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Боао азиялық форумы (БАФ) жыл сайынғы жиналысы 20-22 сәуірде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында Боаода өтеді. Бұл туралы БАФ хатшылығының хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Іс-шара «Әлем және COVID-19 пандемиясы: жаһандық даму мен ортақ болашақ үшін өзара іс-қимыл» ұранымен өтеді.

БАФ ұйымдастырушылары форумның күндізгі және онлайн форматта өтетінін хабарлады. Оған саясаткерлер мен үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді ғалымдар мен саясаттанушылар, сондай-ақ ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері қатысады.

Панельдік пікірталас барысында қатысушылар Азия мен бүкіл әлемдегі постпандемиялық даму мәселесін талқылайды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы БАФ-тың жыл сайынғы жиналысы тоқтатылып, 2021 жылы өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар