11:40, 20 Қазан 2020 | GMT +6
Блокпостағы жол апаты: Экс-полицей 10 жылға сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Блокпоста болған жол апатында екі адамның өмірін қиған Азат Азаматов 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарасай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовты ҚР ҚК 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.
Еске салсақ, 25 мамырда таңертең BMW жүргізушісі Алматы облысының №4 блокпостын соғып кеткен болатын. Жол апатынан полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықанов қайтыс болды. Сондай-ақ, үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым жарақат алып, ауруханадан жазылып шықты.
Айта кетейік, біз бұған дейін Азат Азаматовтың өз кінәсін толық мойындағанын жазған болатынбыз.