БҚО ювеналдық соты карантинге жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұмыс жасайтын үш адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, ауырғандармен қарым-қатынаста болған мамандардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, сынама тексерілуде.

Коронавирус жұқпасы анықталған жұмыс орнына қорытынды дезинфекция жасалып, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін карантинге жабылды.

Індет басталғаннан бері облыста 12622 адам дертке шалдығып, соның 10212-сі жазылып шықты.

БҚО сотының баспасөз қызметі де ювеналдық сотқа 22 ақпаннан бастап 2 наурызға дейін карантиндік шаралар енгізілгенін хабарлады.

Осы мерзімде ювеналдық соттың жұмысы толығымен тоқтатылады. Оған СЭС қызметкерлерінен басқа адамдардың бәріне келуге тыйым салынады. Осы кезеңге қарауға тағайындалған істер кейінге қалдырылды, олардың күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.

Ювеналдық сот карантиндік шаралардан кейін өз жұмысын қайта жалғастыратын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы екінші қайтара егу басталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар