18:52, 25 Қыркүйек 2020 | GMT +6
БҚО трассасында 1 адам қаза тауып, 4-еуі зардап шекті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, тағы төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін түсте Ақжайық ауданы Индер-Орал жолы бойында болды.
Сағат 13.40-та «Нива Шевроле» автокөлігінің аударылғаны жөнінде хабар түскен.
Көлікте 5 адам болған. Чапаев ауылының 26 жастағы тұрғыны жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
23 жастағы жігіт жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, қолы сынған. 46 жастағы ер адам да аудандық ауруханаға жатқызылды. 30 жастағы әйел мен 22 жастағы жігіт амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.