БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды
БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Алдияр Сансызбайұлы 1958 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы Желаев аудандық арнайы ауыл шаруашылығы бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, М.Мәметова атындағы колхозы партия комитетінің хатшысы, Трекин ауылдық кеңесінің төрағасы, Трекин ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасады.
Сондай-ақ Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының әкімі болды.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.