БҚО шекарасында 300-ге жуық тонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - БҚО бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде ірі көлемдегі тері бұйымдарын тиісті құжаттарсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік шекара арқылы Ресей Федерациясына бара жатқан «IVECO» маркалы екі автокөлік құралының жүк бөлігін тексеру нәтижесінде тауар айналымы құжаттарында мәлімделмеген 295 дана тон анықталды.

Қазіргі уақытта тауарлардың құны есептеліп, барлық мән-жай анықталуда. Оқиғаға қатысты барлық азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.


Соңғы жаңалықтар