БҚО-ның Жаңақала ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Дархан Закарин Жаңақала ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Дархан Әмірханұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін агроном және мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Пятимар» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының бас агрономы, Жаңақала аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, «Коммунал» мекемесінің

директоры, Жаңақала ауылдық округінің әкімі, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары болды.

Күні бүгінге дейін Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар