БҚО-ның Тасқала ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Бауыржан Айтмағамбетов Тасқала ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Бауыржан Есқайырұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жол қозғалысын ұйымдастыру және құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Жайық Строй сервис» ЖШС-нің менеджері, Тасқала ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша бас маманы, Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі, Тасқала ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

2020 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар