БҚО-ның бірнеше ауданында блокпостар әзірге алынбайды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бірнеше ауданда блокпостар алынбайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 30 мамырдағы қаулысына сәйкес өңірде бірнеше ауданнан басқа жердегі блокпостар 1 маусымнан бастап алынады.

Тек бұған дейін карантинге жабылған Сырым ауданында, Тасқала ауданының Тасқала кентінде және Жәнібек ауданының Қамысты, Борсы ауылдық ауылдық округтерінде блокпосттар сақталады.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі атап өткеніндей, өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. Коронавирус жұқтыру қаупі сейілген жоқ. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын ұмытуға болмайды.

Облыста 580 адам жұқпалы індетке шалдықса, соның 281-і жазылып шықты.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 299 адам емделуде. Сондай-ақ 14 адам провизорлық, 797 адам карантиндік стационарда жатса, 1278 адам үйлерінде оқшауланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның 9 ауданында коронавирус жұқпасы тіркеліп отырғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар